16.07.2022
  107


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

НҮСІПБЕК ТУҒАНДА

Бұдан бұрын «Жөйттен»,
Туған еді Байқұлақ.
Ақын болып арындап,
Құлашты кең жайдым-ақ.
Өліп қалып Байқұлақ,
Көзді жаспен шайдым-ақ.
Кедей ғыпты құдайым,
Жарата салмай бай ғып-ақ.
Аттың орнын тай басып,
Бір ұл туса Мəйкеден
Осы күнгі арманым,
Көкіректегі қайғым-ақ.
Орындалды арманым,
Түгенделді мал-жаным.
Біліп едім Мəйкештің,
Жүкті болып қалғанын.
Пенденікі асылық,
Дегені болар Алланың
Баласына қойыпты,
Жақып атын Жүсіп деп.
Қожадан шыққан ақын ед,
Шайхысламұлы Жүсіпбек,
Ат қояр күні қожаның
Аты есіме түсіп көп.
Балама мен де ат қойдым,
Болсын деп аты Жүсіпбек
Не болар екен кейінде
Мəйкештен туған Нүсіпбек?





Пікір жазу