16.07.2022
  119


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

ТАРЛАННЫҢ ТАЛАЙЫМЕН ЖАРЫСТЫМ ДА

Тарланның талайымен жарыстым да,
Мықтының не бірімен шалыстым да.
Дес бермей ел намысын есте ұстап,
Байшыкеш Бəйімбетпен қағыстым да.
Түзелген ел іргесін көрсем-ау деп,
Не сөзге болыс, бимен барыстым да.
Дариғай, мен аңсаған күнге жетсе,
Арманы болмас деймін,
Алты алаш, исі қазақ – арыстың да!





Пікір жазу