16.07.2022
164

МЕН БОЛДЫМ СӨЙЛЕР СӨЗГЕ ШАПҚАН ЖОРҒА
Мен болдым сөйлер сөзге шапқан жорға,
Дəулет жоқ сөзден өзге біздің қолда.
Ақынды кей кездерде жасытады.
Бірі деп қайыршының қожа, молда.
Жүрсем де ортасында төре, бидің,
Көз жұмып қарағам жоқ оң мен солға,
Жарлының жоғын жоқтап, сөзін сөйлеп,
Түсем деп ойлағам жоқ темір торға.