16.07.2022
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/13.jpg)
ЕЙ, ҚАРЕКЕ, БОЛЫСЫМ!
Ей, Қареке болысым,
Туысым бір қонысым.
Теңдігімді алып бер,
Түсіп тұр саған зор ісім.
Əділетпен шешпесең,
Халықтың бір сорысың.
Түйінін дəлдей шешсеңіз.
Ақиқаттың жолысың.
Тыңдамасаң сөзімді,
Алып берер орысым.
Саған айтып кетуге
Келіп едім сол үшін.
Осындайда бермесең,
Бересің қашан қол ұшын?