16.07.2022
121
ЖАМАН АУЫЗ АНДАСБАЙ
Сен – көкқұтан, мен – тұйғын,
Жаман ауыз Андасбай!
Əрі жүрші қасымнан,
Жарбаң қағып, жармаспай.
Бір жылы туған немесің,
Жабысқақ жылбыс кенесің.
Былғап туған жылымды,
Сасық ауыз, албасты-ай.
Құрдаспын десе Бақаңмен,
Сөз құйыны қаһармен,
Құдай білер еш адам,
Андасбайға нанбастай.
Бүйте берсең бір кезде,
Айтарлықтай бір өзге,
Бір керемет көрерсің,
Есіңнен, сірə, қалмастай.
Болса да бойым кішкене,
Жатыр ғой қайнап күш-дене.
Бақтыбайға соқтықпа,
Кесіп түсер алмастай.
Құдашаның жанына,
Жатуыңды қайтейін,
Қонышынан басқан етіктей,
Қисайып барып жамбастай.