16.07.2022
121
Ия, Раббым!
Ия, Раббым!
Мың бір мәрте тәуба саған!
Рақым қыл!
Жарылқай көр,
Ия, Жасаған!
Төбем көкке тисе де – құлмын саған,
Денем отқа күйсе де – құлмын саған,
Сақтай көр деп пәледен жолымдағы,
Жалбарынып, жалынып жүрмін саған.
Сенің құлың шіреніп жүргендер де,
Алтындатқан сарайға кіргендер де,
Астамсынбай соншама тұрса қайтер,
Өлетінін түбінде білген пенде.
Ас ұсынса көңілмен шынайы жар,
Болып жүрем жегендей ұдайы бал.
Майдай жақса қайғысыз ішкен сусын,
«Жыртық үйдің, – демей ме, – Құдайы бар!»
Рақым қыл!
Жарылқай көр,
Ия,Жасаған!
Ия, Раббым!
Мың бір мәрте тәуба саған!