16.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аң мен құстың тілінде...

Аң мен құстың тілінде,
Хайуанаттар үнінде
Бар ғой десем сыр қандай,
Күнде жүрген көріп сіз,
Бүгілмей ме еріксіз
Болса да алып піл қандай.
Түскен тоты торға да,
Қарқылдаған қарға да
«Хақ сөйле!» – деп тұрғандай,
Дірілдеген көжек те,
Абалаған төбет те
«Ақ сөйле!» – деп тұрғандай.
Жаңа келген фәниге
Уілдеген сәби де
«Нақ сөйле!» – деп тұрғандай,
Кім болып ең сен кеше?
Тағзым қылып ендеше
Жайнамазға ұр маңдай!





Пікір жазу