16.07.2022
117

Таққа отырсақ тақсырмыз...
Таққа отырсақ тақсырмыз,
Бай, сұлтанбыз, ханбыз.
Күні түссе жақсының,
Қатып қалған жармыз.
Болып тұрса ішім-жем,
Бұл жалғанда бармыз.
Тірі жанбыз дейміз-ау,
Жегенге мәз малмыз.
Не деп жатыр жүрегің,
Ұқпай соны далмыз.
Құпияны біледі
Алла ғана жалғыз.