16.07.2022
  205


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаттауға тәуір...

Жаттауға тәуір,
Айтуға жеңіл,
Салмағы ауыр
Сөздер бар не бір.
Кей сөздер алтын,
Кей сөздер көмір.
Көкейге қонса,
Толқиды көңіл.
От болып жанса
Балқиды темір,
Тек күлі қалса,
Былғанар өмір.
Көрсең де жәбір,
Қыла алсаң сабыр,
Естіген сөзде
Болады қадір.
Келгендей көктен
Бұлжымай әмір.
Тұрады демеп
Сенімің кәміл,
Періште жебеп,
Қолдайды Тәңір.





Пікір жазу