16.07.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Салынғаны сәтті күні –

Салынғаны сәтті күні –
Қасиеті Қағбаның.
Зәмзәм судың тәттілігі –
Махаббаты Алланың.
Жақсылықты Хақтан тілеп,
Күйіп-жанып, елжіреп,
Деген сөзді қара жүрек
Айтты ма екен ақ жүрек?!
Қалай, қайтіп жаза басты,
Аз түсінген, сірә, адам?!
Қағбадағы қара тастың
Қарайғаны – күнәдан.





Пікір жазу