16.07.2022
95
![](/uploads/shorttexts/author_image/screenshot-20200424-144226.png)
«Алла!» – деп басса үрейді
«Алла!» – деп басса үрейді
Қорғанып, бұққан қауым ел.
Алладан жәрдем тілейді
Шабуылға шыққан жауынгер.
Қырық жыл қырғын болса да
Аман-сау қайтқан соғыстан,
Өтіпті ерлер қаншама
Азаттық үшін алысқан.
«Иманды қыл!» – деп жылайды
Жетім мен жесір қаралы.
Алладан медет сұрайды
Қаңсырап жатқан жаралы.
Сыйынар басқа кімі бар,
Өкініп, бәлкім, аҺ ұрды.
«Алла!» – деп ерін қыбырлар
Біткенше демі ақырғы.