16.07.2022
  127


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қойдың тілін қасқыр неге ұқпайды...

Қойдың тілін қасқыр неге ұқпайды,
Алма ағашқа өрік неге шықпайды,
Алма дейді неге оны?
Әдемі алма неге жылдам құрттайды,
Залымды әділ неге жылдам құртпайды,
Кімде, қайда дерегі?
Кейбір шөптің тамырында қорегі,
Кей өсімдік жемістерін төгеді,
Неге бұлай?
Қалай, қандай себебі?
Алла ғана біледі...





Пікір жазу