16.07.2022
118
Мезгілден озған...
Мезгілден озған,
Даналар жазған,
Ғасырлар сырын
Тереңнен қазған
Кітаптар қазір көп дейді.
Алтынмен аптап,
Күміспен күптеп,
Өрнектеп, беттеп,
Қойса да түптеп,
Құран-кәрімге жетпейді.