16.07.2022
76
Бұзбақ болып мұз-қамалды...
Бұзбақ болып мұз-қамалды,
Жасайды адам ізгі амалды.
Оған сауап жазылады
Тойдыра алса ашыққанды,
Жылыта алса мұздағанды.
Қорек қылып адал асты,
Киіндірсе жалаңашты,
Өсек-аяң соңына ермес,
Кездейсоқта пәле келмес,
Жала жұқпас аяқ асты.
Мойныңа ілмей еш қарызды,
Орындасаң бес парызды,
Түсінерсің сөз парқына,
Қарайларсың алды-артыңа,
Абайларсың басқан ізді.