16.07.2022
135
Көзі көрмей сөзге нанбас
Көзі көрмей сөзге нанбас
Жанды тағдыр сынайды.
Ол да сені есіне алмас,
Ұмытсаң сен Құдайды.
Көкірегіңе иман жисаң,
Жолай алмас мың қайғы.
Хақ сөзіне зейін қойсаң,
Ол да сені тыңдайды.
Жемеңдер деп кісі қақын,
Жырлап өткен ақындар.
Жаратқанға болсаң жақын,
Ол да саған жақындар.