16.07.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жазмыштың жолын сызуға

Жазмыштың жолын сызуға
Алланың мықты пәрмені,
Пәрменін оның бұзуға
Пенденің жетпес дәрмені.
Әлемді байтақ билеген
Құдайдың күшті жарлығы.
Болса да тағдыр илеген,
Көнеді оған барлығы.
Аяғы болар ісінің,
Алланың берік әмірі.
Өлмеймін деген кісінің
Қазулы тұрар қабірі.
Көгеріп, көктеп көсеге,
Болса да қандай сыйлығы.
Маңдайға жазған пешене –
Бұлжымас Хақтың бұйрығы.





Пікір жазу