16.07.2022
  83


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күнтізбеде шындық бар...

Күнтізбеде шындық бар,
Өзгермейді күн, айы.
Әр парағын ел құптар,
Шындық болса шынайы.
Өткізген сол күндерді
Пендеде көп жалғандық.
Қалды ма екен бір белгі?
Талай рет алдандық.
Адымымды бағатын,
Жүрсе екен деп сүрінбей,
Иман болса сағаттың
Жүріп тұрған тіліндей.





Пікір жазу