16.07.2022
  70


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қысқарту не ұзарту...

Қысқарту не ұзарту,
Кеңейту не тарылту,
Азайту не көбейту,
Жапсыру не арылту,
Айтқан болса сертің де,
Жаратқанның еркінде.
Қандай күйде болып ең?
Тіршіліктің жолы кең,
Су астында жүрсең де,
Көкірегің – толы дем,
Алла бәрін жасайды
Бірақ, сенің қолыңмен.





Пікір жазу