16.07.2022
109
Жүрген жері шөл болса да...
Жүрген жері шөл болса да,
Айдын шалқар көл болса да,
Көкірегі шер болса да,
Кеудесінде кен болса да,
Кейбіреуден кем болса да,
Терезесі тең болса да,
Алла алдына бір келеді
Қайтпас-қайсар ер болса да.