16.07.2022
106
Жазықсыз елді қырғандар...
Жазықсыз елді қырғандар,
Жиренбей настан тұрғандар,
Арамға әбден былғанған,
Нәпсіге мойын бұрғандар,
Төбеден Құдай ұрғандар –
Шайтанға қызмет қылғандар.
Ел үшін терін төккендер,
Жаманнан жырақ кеткендер,
Өткелден қиын өткендер,
Тұқымды ізгі еккендер,
Шайтанның ісін сөккендер –
Құдайға қызмет еткендер.