16.07.2022
116
Кісі ақысын жейтіндер көп...
Кісі ақысын жейтіндер көп,
Отыра алмас ұрламай,
«Естіп тұрмыз!» – дейтіндер көп,
Тұрса-дағы тыңдамай.
«Өйтіңдер де, бүйтіңдер!» – деп,
Бөгет болып арманға,
«Көріп тұрмыз!» – дейтіндер көп,
Куә болып жалғанға.
Аярлығы кейпінде бар,
Бүтін затты сындырып,
«Айтқан жоқпыз!» – дейтіндер бар,
Қойғаннан соң бүлдіріп.
Түзу жолмен тура жүрмей,
Жалғастырса былығын,
Санасына сәуле кірмей,
Қоя ма олар шылығын.