16.07.2022
268
Жасап жатыр табиғатқа зорлығын...
Жасап жатыр табиғатқа зорлығын,
Е, Құдайым!
Адамзатқа сана бер!
Не де болса, көтеретін барлығын
Қара жер.
Кім біледі не сыйларын алғы күн,
Жүректен мұң түсіретін шақтар аз.
Не де болса, көтеретін барлығын
Ақ қағаз.