16.07.2022
  63


Автор: Ақылбек Шаяхмет

«Құдай, саған не қылдым?» –

«Құдай, саған не қылдым?» –
Деген адам күмәнді,
«Құдай салды, мен көндім!» –
Деген адам шыдамды.
Әр аятқа жүгініп,
Оқығандар Құранды,
Нұрына оның жылынып,
Іс жасайды ұнамды.





Пікір жазу