16.07.2022
107
Ауызбен айтқан сөзіңді
Ауызбен айтқан сөзіңді
Қылмаса қабыл жүрегің,
Болсаң да қанша төзімді,
Жете ме Хаққа тілегің?!
Көзіңмен көрмей барлығын,
Көңілің тағы сенбесе,
Тұрса да күтіп алғы күн,
Ұмытпа, кім ең сен кеше?!
Қашпаған мына жалғанның
Арбаған көзді сәнінен,
Ойлайды жаңсақ Алланың
Құтылам десе кәрінен.