16.07.2022
  69


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құдайды да әке десе...

Құдайды да әке десе,
Беті-жүзі қызармай,
Немесе оны шеше десе,
Анадан да ұялмай,
Көңілдерге секем кірсе,
Жаза басып, қателессе,
Байыз тауып тұра алмай,
Бәрін көріп, бәрін біліп,
Соларды да ғафу қылып,
Кешіре ме, ой, Алла–ай!
Жалғандағы шылық-былық,
Теріс пиғыл, есір қылық
Кетпес деме сұралмай.





Пікір жазу