16.07.2022
  69


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тұрса да тура жол есте...

Тұрса да тура жол есте,
Ассам да құлақ кеңеске,
Етектен алыс ұзамай,
Шыға алмай жүрмін белеске.
Ойлардан ауыр кім азат,
Тартсам да кейде кіл азап,
Келсем де іштей тәубаға,
Қыла алмай жүрмін мінәжат.
Ойдағы сөзді тере алмай,
Бойдағы барды бере алмай,
Отырмын тағы Аллаға
Бір қадам жақын келе алмай.





Пікір жазу