16.07.2022
118
«Қабыл қыл!» – деп тілекті...
«Қабыл қыл!» – деп тілекті,
Көтергенде білекті.
Пайда қылып кетпей ме
Елді алдаған бір епті.
Күн артынан күн өтті,
Кейде көңіл жүдетті.
КүнәҺарды айыптап,
Қинамайық жүректі.
Оның нақты себебі,
Қиянаты көп еді,
Алла оның жазасын
Қияметте береді.