16.07.2022
  106


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Еңбектеген сәби менен

Еңбектеген сәби менен
Еңкейген қарт еңбегі –
Емес, жаным, күнде көрген
Еріккеннің ермегі.
Сәжде қылар дем біткенде
Кесірлер де елде көп,
Көлеңке де күн кеткенде
Иілмей ме жерге кеп.
Жерге түскен бұйымды алсаң,
Еңкейесің әлбетте.
Бағың жанар – сәжде қылсаң
Бір Алланы құрметтеп.





Пікір жазу