16.07.2022
  76


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тұрған болса іргеде үйің...

Тұрған болса іргеде үйің,
Бола қалса күнде жиын,
Дауға түспей, күйіп-піспей,
Момын болу мүлде қиын.
Досым отыр, қасым да отыр,
Ібіліс те осында отыр.
Бәрін көріп, бәрін естіп,
Періштелер қасымда тұр.
Жан жылытып, шіркін, лебі,
Кім санамды сілкіледі?
Лебізі жүрекке еніп,
Тамырымда бүлкілдеді.





Пікір жазу