16.07.2022
  49


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Болсаң-дағы қалаулы...

Болсаң-дағы қалаулы,
Кебінің тұр ораулы,
Ішер дәмің сарқылса,
Алар демің санаулы.
Болсаң-дағы белсенді,
Алсаң-дағы кеусенді,
Қас қағымдай тірлікте
Ырыздығың өлшеулі.
Тек биікке өрмелеп,
Сый көрсе де елде көп,
Шайнап тұрған асты да
Жұта алмаған пенде көп.





Пікір жазу