16.07.2022
  188


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Барған кезде мешітке...

Барған кезде мешітке,
Оң аяқпен аттап кір,
Алла атымен есіткен
Құран сөзін жаттап кір!
Шыққан кезде есіктен
Сол аяқпен аттағын.
Айырмаған нәсіптен
Бір Алланы мақтағын!
Ол қаласа кем қылар
Терген менен жиғанды.
Екі аяғың тең болар,
Ұстай алсаң иманды.





Пікір жазу