16.07.2022
83
Алланы көрмедім дегенің...
Алланы көрмедім дегенің,
Сөздерін білмедім дегенің,
Мұхамбет пайғамбар көрсеткен
Ақ жолмен жүрмедім дегенің
Бәрібір, көңіліме қонбайды.
Бабаңның жүзін сен көрдің бе,
Ол айтқан сөздерге сендің бе.
Арыстар түскенде сүргінге,
Алланың ақтарын білдің бе?!
Білмесең – бұл күні сол қайғы.
Аққа да Құдайды жақ десек,
Қалыбы халыққа шақ десек,
Адалдық, иман мен ар-намыс
Қазаққа қонатын бақ десек,
Әділдік түбінде орнайды.