16.07.2022
94
Қап-қараңғы түнге қарап...
Қап-қараңғы түнге қарап,
Май шамыңды күнге балап,
Сәуле болып қайтесің?
Болмағанды қолдан жасап,
Болашаққа болжам жасап,
Әуре болып қайтесің?
Түсі үрейлі, өзі кеміс,
Көзі қыли, сөзі теріс
Тажал келсе қайтесің?
Сөз ұқпайтын надандарды,
Көңілі соқыр адамдарды
Соңына ертсе қайтесің?