16.07.2022
  71


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жолдың азабы...

Жолдың азабы,
Үйдің бейнеті,
Елдің мазағы
Еткен құрметі,
Фәни қызығы,
Артқан міндеті,
Тірлік шыжығы,
Көрген үмбеті,
Бір жағы қап-қара,
Әппақ бір беті,
Тағдыр-жазмыштың
Салған суреті.





Пікір жазу