15.07.2022
  175


Автор: Арман Тосқанбаев

МҮМКІНДІКТЕР

Өзіңізді мұхиттың ортасында қайықта отырған адам ретінде елестетіп көріңізші. Айналаңызда үлкенді-кішілі сан алуан балықтар жүзіп жүр делік. Оның бәрі - мүмкіндіктер. Сол балықты аулауға білімі де, қабілеті де жетпейтін, тіпті, қажетті құрал-саймандары да жоқ адам - дайындықсыз адам.
Өмірде де сол сияқты... мүмкіндік өте көп. Егер қармағыңыз болмаса, үлкен балық тұрмақ, шабақ та ұстай алмайсыз. Ал кішкентай немесе орташа қармағыңыз болса, үлкен балық аулауыңыз екіталай. Сол себепті, дайындық болуы керек. Өмірде де солай. Сіздің айналаңызда мүмкіндіктер өте көп. Мәселе, - сізде. Сол мүмкіндіктерді пайдалануға сіз дайынсыз ба? Ол үшін жаңа дүниелерге қызығушылық танытып, біліміңіз бен біліктілігіңізді арттыруыңыз керек; мүмкіндік пайда болғанда, сатып алу үшін ақша жинағаныңыз жөн; беделді таныстарыңыздың болуы да артықтық етпейді.


Адам үнемі жаңа мүмкіндіктерге дайын болуы керек. Сіздің дайындығыңыз бәрінен маңызды.





Пікір жазу