meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.07.2022
  133


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жалаңашты киіндірген...

Жалаңашты киіндірген,
Жабыққанды сүйіндірген,
Дерттілерді сауықтырған,
Ел көңілін тауып тұрған,
Үйі жоққа пана болған,
Күйі жоққа жаға болған,
Бойдақтарды үйлендірген,
КүнәҺарды жирендірген,
Баласызға бала берген,
Санасызға сана берген
Өзің болсаң, ия, Алла,
Мына жалған жұмаққа да
Ұқсағанмен, пенделерің
Бой алдырар күмәнға.





Пікір жазу