15.07.2022
109
Шықты мәйіт тұрақ қылған үйінен...
Шықты мәйіт тұрақ қылған үйінен,
Аурудан, уайымнан, ішім-жемнен, киімнен,
Барлығынан құтылды.
Бірақ, марқұм, жимаса да енді есін,
Қара жер хабар бермесін,
Махшар күні келгенше,
Мәңкүр-Нәнкүр сұрақ қойып,
Түгел жауап бергенше,
Парызы мен қарызынан құтылмаған сықылды.