15.07.2022
  117


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Баста болса ақыл көп...

Баста болса ақыл көп,
Бос мақтанға жолама.
Тұлпар мінген батыр деп
Есептеуге бола ма?!
Түсінеді кім мұны,
Жаяу жүрген Мұсаны
Білетін жұрт бұл күні
Ұшақпенен ұшады.
Құстай ұшты десек те,
Мағынасын ұғар көп.
Иса мінсе есекке,
Түйе мінген Мұхамбет.
Толған көлік көшеде,
Қарайсың түр-түсіне.
Көлікте емес мәселе,
Ішіндегі кісіде.





Пікір жазу