15.07.2022
98
Еңбекақы алған соң...
Еңбекақы алған соң,
Әмиянға салған соң,
Жарық, жылу, судың, газдың, қоқымның
Тиесілі төледім де ақысын,
Борышымнан құтылдым.
Қызықпай-ақ дәулеттіге, малдыға,
Ас-суды алып алдыма,
Аузымды ашып отырмын,
Өтелді ме, бірақ, түгел парызым,
Қалмады ма қарызым?!
Осы жайды өлеңіме қосып жүрген ақынмын,
Шын мәнінде, құтылуға қарыздан
Амал таппай сасып жүрген пақырмын.