15.07.2022
119
Өтіп жатқан өмірің
Өтіп жатқан өмірің
Дәптер емес жыртып тастайтын,
Быт-шыт болған көңілін
Ыдыс емес жамап-жасқайтын,
Тіршіліктің таңдама тек жеңілін,
Арнасынан аспайтын,
Қыздырған жан дәуренінің көрігін
Қиындықтан қашпайтын,
Көкейдегі сенімің
Түбі сені жақсылыққа бастайтын.