15.07.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

«Бізге сені кім берді?»

«Бізге сені кім берді?»
«Алла!» – дейді бөпесі.
«Бұл күнді де көз көрді»,
«Тәуба!» – дейді әжесі.
Білмесе де шариғат
Шыққаннан соң сенімнен.
Айтылған сөз ақиқат
Нәрестенің тілімен.





Пікір жазу