15.07.2022
  87


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аспан менен жерді...

Аспан менен жерді,
Босаға мен төрді,
Әйел менен ерді,
Құрсақ пенен көрді,
Еңіс пенен өрді,
Жауын менен селді,
Енесі мен төлді,
Ауру мен емді –
Түгел білген Алла!
Жерге түскен нұрды,
Ырыс берген күнді,
Тыныс берген түнді,
Отты және күлді,
Қылыш және қынды,
Дыбыс пенен үнді,
Әуен менен жырды,
Бірді және мыңды –
Түрлендірген Алла!





Пікір жазу