15.07.2022
111
Шайтанның жібі секілді
Шайтанның жібі секілді
Еркектің басын шырмаған
Әйелдер бұзса ниетін,
Адам көп сабыр қылмаған.
Тұратын беті безеріп,
Білмейтін жөнді кіл надан
Нәпсіге арзан тез еріп,
Әйелдің арын былғаған.
Көргендер теріс қылығын,
Сынаптай сырғып тұрмаған.
Лайламай таза тұнығын,
Арамға атын бұрмаған.
Тірелген жерде ат басы,
Жүрегің қатты тулаған,
Ашады жәннат қақпасын
Ұятсыз істі қылмаған.