15.07.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тіл ащы да болады...

Тіл ащы да болады,
Тіл тәтті де болады,
Қол жұмсақ та болады,
Қол қатты да болады.
Тек жүрегі адамның
Өзгерместен қалады,
Ол өйткені Алланың
Атын атап соғады.





Пікір жазу