15.07.2022
  80


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қараңғы түн шашын жайып...

Қараңғы түн шашын жайып,
Сығырайған шам сөнді.
Кеткен кісі жолдан тайып
Түн қойнында теңселді.
Қара киім жерді сүйкеп,
Қара басты албасты
Қарақан бас қамын күйттеп
Жүрген жанға жармасты.
Бәлкім, бұл да ар сынағы,
Кетпеу үшін төмендеп,
Пенде үмітті таң шуағы
Терезеден енер деп...





Пікір жазу