15.07.2022
  101


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шындықты жалғаннан...

Шындықты жалғаннан,
Жақсыны жаманнан,
Адалды арамнан,
Халалды харамнан
Айыра алмасаң,
Ұлтыңның бағы үшін,
Алаштың қамы үшін,
Тірліктің мәні үшін,
Адамның ары үшін,
От болып жанбасаң,
Мынаны ескергін:
Нәпсіні қош көрдің,
Шайтанмен дос болдың,
Өмірден бос қалдың,
Мұсылман болмасаң...





Пікір жазу