15.07.2022
  83


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Рахманға бөлеп жер үстін...

Рахманға бөлеп жер үстін,
Қандырған оның шөлін кім?
Жайқалып тұрған жемістің
Уыздай сорған сөлін кім?
Жігіттің жауын шанышқан
Атынан алған ерін кім,
Сұлудың талдай майысқан
Қайыстырған белін кім?
Санамен ойды көркейтіп,
Ғаламның сырын білгізіп,
Иілген басты еңкейтіп,
Қоясың қайта тұрғызып.
Ақыл да берген, көрік те,
Жаратқан жалғыз Құдайым!
Нәсіпті берген кемітпе,
Деп қана саған жылаймын.





Пікір жазу