meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.07.2022
  133


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Айдын көлге қонбаса қаз...

Айдын көлге қонбаса қаз,
Кісі көп пе мін көрген,
Сұлтан, мырза болды ма аз
Ел үстінен күн көрген?!
Дұрыс болса көптің назы,
Танымаған оң-солын,
Қазы-қарта жеген қажы
Ұстады ма дін жолын?!
Төбең көкке тиіп тұрса,
Қара халық еліктер.
Би сөзімен биік болса,
Бек салтына берік пе?!
Еркін елде намыс болса,
Жасанған жау құрта алмас.
Хан сөзінде қазық болса,
Қарашасы бұлтармас.
Тегі мықты жүйрік болса,
Шапқанынан бір танбас.
Ақын жыры шындық болса,
Жұрт кітабын жырта алмас.





Пікір жазу