15.07.2022
87
Теріс жолды кесіп өтіп...
Теріс жолды кесіп өтіп,
Шын иландым Құранға.
Ізгілікті нәсіп етіп,
Қайырым қыл, ия, Алла!
Періштелер келіп кейде,
Құлағыма сыбырлап,
Естіген сөз көмейімде
Тұрып алды жыбырлап.
Алла қолдап, түзулігін
Түсінген соң ісімнің,
Сол жолдарды күні бүгін
Қағазыма түсірдім.