15.07.2022
  107


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұйқыға жатар кезде...

Ұйқыға жатар кезде,
Жұлдыздар батар кезде,
Тал түсте – күн шыққанда,
Ақшамда – кеш түскенде,
Және таң атар кезде
Өткізбей бекер жасты,
Сәждеге қойғын басты!
Ақ таңда, нұрлы кеште,
Шыға алсаң бұл белеске,
Алланы алсаң еске,
Айналар өнегеге,
Бала мен немереге
Көрсеткен үлгі емес пе?!
Өткізбей бекер жасты,
Сәждеге қойғын басты!





Пікір жазу